
Статистикадағы алшақтықтың айтарлықтай бөлігі Қытай тарапының біздің еліміз арқылы тауарлар транзитінің едәуір бөлігін өздерінде Қазақстанға экспорт ретінде есепке алуымен байланысты.
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Үкіметінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті