Тәуекелдерді талдау негізінде аудиттелген қаржылық есептілікті талдау бойынша негізгі қорытындыларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы баспасөз релизі

Тәуекелдерді талдау негізінде аудиттелген қаржылық есептілікті талдау бойынша негізгі қорытындыларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы баспасөз релизі

2021 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бейнеконференцбайланыс режимінде тәуекелдерді талдау негізінде аудиттелген қаржылық есептілікті талдауды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр. 

Қатысушылар қолданылатын әдіснаманы, банк секторы мен денсаулық сақтау секторындағы халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі Кеңес шығарған Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС) сақтау жөніндегі негізгі қорытындыларды, сондай-ақ осындай есептілік бойынша жүргізілген аудитті талқылайды.

Жиналыс аудит жүргізу және қаржылық есептілікті толтыру саласындағы мүдделі ұйымдар үшін ұйымдастырылды.

Қатысушылардың шамамен саны 20-дан астам адамды құрайды.