
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін «Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірледі.
Осы жоба уәкілетті органның аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау, Аппеляция комиссиясы органдарының ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін көздейді.