
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Аталған жоба мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың шағымдарын қарау сапасына бақылау жүргізу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері үшін апелляциялық комиссия шешімінің міндеттілігін көздейді.
Бұдан басқа, жоба Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) апелляциялық комиссияға шағым нысанымен толықтырылды.