
Материалдарды талдау нәтижелері бойынша, мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетіндегі барлық келісімшарттар Порталдың басты бетінде «Тіркеушілер – Келісімшарттар - Келісімшарттар тіркелімдері» бөлімінде көрсетілгені анықталды. Бірақ келісімшарт картасының «Келісім және бекіту» бөлімінде шарттың pdf формасына сілтеме болмаған, бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының техникалық қателігі болып табылады.
🔰 Қате қашан анықталды?
2021 жылы 4 мамырда «Алматы қаласының спорттық ғимараттар дирекциясы» қоғамдық ұйымынан бірінші шағым келіп түсті. Яғни «Келісім және бекіту» бөлімінде келісімдердің (pdf форматындағы) қалыптастырылған нұсқаларына сілтемелердің қол жетімсіздігі анықталды. "Келісім табылмады"деген қате көрсетілді.
Мәселе келісім картасындағы «келісім және мақұлдау» қойындысында «келісім табылмады» деген қатенің шығуынан, келісімнің pdf нұсқасына сілтеменің болмауынан туындаған.
🔰 Мәселе қашан шешілді?
Оператор туындаған техникалық қатені талдады, содан кейін мәселе 2021 жылы 11 мамырда сағат 18:20-да жойылды.
🔰 Жүйедегі қате сатып алу процесіне әсер етті ме?
Бұл жәйт мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетінде ғана болды және бұғатталған жоқ. Осылайша, барлық сатып алу процедуралары, жоспарлары мен келісімшарттары авторизация рәсімінен өткеннен кейін жүйеде жүзеге асырылады, ал басты бет жүйеде қамтылған ашық деректердің тек «витринасы» болып табылады.
Сонымен қатар, мәселе тек сатып алу процедуралары аяқталған және транзакциялар жасалған келісімшарттарды көру функциясында болды. Нәтижесінде бұл проблема сатып алу процестеріне әсер етпеді және порталда келісімшарттар жасауға кедергі болмады.
🔰 Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін не істелді?
Бірыңғай оператор тұрақты негізде порталда орын алған техникалық проблемаларды анықтау және оларға кейінгі бақылау үшін тұрақты түрде талдау жүргізеді. Бұл туындаған оқиға тәуекелдер тізіміне енгізілген, оған сәйкес кейінгі профилактикалық шаралар үшін бақылау күшейтіледі.
🔰 Сатып алу алаңында қиындықтар туындаса, қайда шағымдануға болады?
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында проблемалар туындаған жағдайда сіз 8-800-080-34-37 телефоны арқылы «ЭҚО» АҚ байланыс орталығына хабарласуға (ҚР бойынша тегін) немесе support@ecc.kz электрондық поштасына мәселені көрсететін скриншоттармен және ақаулықтың сипаттамасымен хат жазуға болады.