
Жаңа қызметінде Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, инвестициялық және экспорттық жұмыстарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарын үйлестіру жұмысын басқарады.
Ерұлан Жамаубаев М.Сұлтанғазиевтің көпжылдық тәжірибесін атап өтіп, оған салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстарына сәттілік тіледі.