2018 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу елеулі жеңілдетілу үстінде

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу елеулі жеңілдетілу үстінде

Қаржы министрлігінің кезекті семинар-тренингінде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы журналистерге айтылып өтілді.

Спикер – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы журналистерге айтып өтті.
Негізінен, спикер атап өткендей, Қағидаларға өзгерістер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарына қатысты.
Құрылыс саласында жоғары бәсекелестік ортаға қарамастан (бір конкурста 7-8 компания) 80 % жағдайларда сатып алу олардың өтінімдеріне байланысты өткізілмеген болып танылады. 
Құрылыс саласында сатып алу бойынша өтінімдерінің жаппай кейінге қалдырылу себебі саны көп растайтын құжаттарды негізсіз ұсынуды талап ететін жобалау-сметалық құжаттамаға байланысты. 
Сонымен қатар, құрылыс саласы лицензияланатын қызмет түріне жатады және сатып алуға тиісті лицензиясы бар, оны алу кезінде тиісті материалдық және еңбек ресурстары бар екенін растаған компаниялар ғана қатысады.
Осыған байланысты, Қағидаларға рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес берілген тиісті лицензия құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша материалдық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжат болып белгіленетіні туралы өзгерістер енгізіледі. 
Ұсынылып оытрған түзетулер құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жеңілдету және төмендету мақсатында енгізіліп отыр. 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы туралы» Заң жобасы әзірленген және қазіргі уақытта Мәжілісте қаралуда.


ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Пресс-служба Министерства финансов РК