Қаржы министрлігі бизнеске бухгалтерлік есеп пен аудит туралы заңнамаға өзгерістерді түсіндірді

 Қаржы министрлігі бизнеске бухгалтерлік есеп пен аудит туралы заңнамаға өзгерістерді түсіндірді

«Атамекен» ҰКП Қаржы министрлігінің қатысуымен қаржылық есептілік және аудит стандарттарын қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Бейнеконференцбайланыс форматында өткен іс-шараларға республиканың барлық өңірлерден шамамен 50 бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Қатысушылар Дүниежүзілік Экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Аудит және есептілік стандарттарын жетілдіру» көрсеткіші бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту мақсатында өткізілген бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы реформалар туралы білді (Қазақстан 2017 жылы 99 орын алды).   
Сондай-ақ Қаржы министрлігінің өкілдері мынадай мәселелерге қатысты жауап берді:
- ХҚЕС (IAS) 36 «Активтердің құнсыздануы», ХҚЕС (IAS) 2 «Қорлар», ХҚЕС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен шарт бойынша түсім», ХҚЕС (IFRS) 16 «Жалдау», ХҚЕС (IAS) 21 «Валюталардың айырбастау бағамдарының өзгерістерінің әсері» және т.б. сияқты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдану;
- кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау, олардың біліктілігін арттыру, бөлек есебін жүргізу, сенімгерлік басқару жөніндегі есептілік бөлігінде бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы қолдану;
- ҚР Қаржы министрлігінің сайтына ХҚЕС және ХАС мәтіндерінің соңғы нұсқасының аудармасын орналастыру.
 Өз кезегінде кәсіпкерлер Қаржы министрлігіне жаңа халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша семинарларды ҰКП алаңына ұйымдастыруды сұрады.