
Этил спирті, алкоголь өнімі мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының күші жойылып, орнына тауарларға ілеспе жүкқұжаттары енгізілген.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 9-бабының 5-тармағына, «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжатсыз айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады», - деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитетінде .
Осыған байланысты, 2021 жылғы 21 сәуірде сағат 20.00-ден 22.00-ге дейін алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын жазып беруді бұғаттайтын жаңартуды орнату жоспарлануда.
«Осылайша, кәсіпкерлік субъектілері алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің айналымын жасаған кезде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) ресімдеуі қажет», - деп хабарлады МКК баспасөз қызметі.