2018 жылы 19 наурызда «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңының және «Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығының ережелерін түсіндіру бойынша «Дөнгелек үстел» өтті.

«Дөнгелек үстел» шеңберінде Iшкi iстер министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Жоғарғы Сот, Бас прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері, Қоғамдық мемлекеттік емес органдары «Республикалық адвокаттар алқасы» және Қаржы министрлігінің құрылымдық болімшелерінің өкілдері қатысты.
Қордың түсімдері мен шығыстарын есепке алуға, өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімін ұсыну рәсіміне, негізсіз төленген өтемақыны қайтаруға, мемлекеттік органдардың қаржылық қызметтерінің Қазынашылық комитетімен өзара іс-қимылына қатысты мәселелер, сондай-ақ қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың құзыретіне кіретін бірқатар мәселелер көтерілді.