ҚР Қаржы министрлігі қызметкерлерінің жартысына жуығы #КВИ қарсы екпе алды

ҚР Қаржы министрлігі қызметкерлерінің жартысына жуығы #КВИ қарсы екпе алды

А.ж. 23 сәуіріндегі жағдай бойынша вакцинацияға жататын қызметкерлердің жалпы санының 47% қазірдің өзінде екпе алған. Олар министрліктің орталық аппараты мен комитеттерінің қызметкерлері.

Қаржы министрлігінде #вакцина- вирусты жеңудің жалғыз жолы екеніне сенімді. Министрлік пен комитеттердің медициналық бекеттерінде вакцинация орталықтары құрылған, онда қызметкерлер медицина мамандарымен кеңесіп, вакцина ала алады.

Бүгін КВИ-ға қарсы екпені Қаржы министрлігінің аппарат жетекшісі де алды. Абзал Бейсенбекұлы вакцинадан кейін өзін жақсы сезінетінін атап өтті.

"Мен жаңа ғана вакцинаны алдым. Енді 30 минут бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында боламын. Ешқандай жағымсыз әсер сезінбедім. Жағдайым жақсы. Бақылаудан соң, әдеттегі жұмыс күнімді жалғастырамын", - деді ол.