Алғашқы халықаралық онлайн-семинар өткізу қорытындысы

Алғашқы халықаралық онлайн-семинар өткізу қорытындысы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен 2021 жылғы 15 сәуірде «Партисипаторлық бюджеттеуді дамытудың перспективалары мен тәуекелдері. Қазақстан, Ресей және басқа елдердің тәжірибесі» тақырыбында алғашқы Халықаралық онлайн-семинар өткізді.

Семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Қаржы Қаржы вице-министрі Е.Ш. Қарашөкеев және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Марто Жан-Франсуа құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеулерде бюджеттердің барлық деңгейлерін қамти отырып, «халық қатысатын бюджетті» одан әрі кеңейту және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін одан әрі арттыру үшін озық халықаралық практиканы зерделеудің өзектілігі мен қажеттілігі атап өтілді.

Бюджет заңнамасы департаментінің директоры З.А. Ерназарованың баяндамасы қатысушылардың назарын тек табысқа ғана емес, реформаның ілгерілеуіне қарай туындайтын тәуекелдерге де аударды. Әріптестік пен ынтымақтастық – азаматтармен, азаматтық қоғамдастық ұйымдармен және үкіметтік емес сектормен жұмыс істеудің басты қағидалары, міне осылар. «Халық қатысатын бюджетті» бағалау кезінде азаматтар үміттенетін нәтижелілік өте маңызды.

Дүниежүзілік Банк 2007 жылдан бастап Ресей Федерациясында бастамашыл бюджеттеу практикасын тікелей енгізіп келе жатқан партисипаторлық (бастамашыл) бюджеттеу саласындағы жетекші практик–мамандарды семинарға қатысуға тартты.

И.Е. Шульганың, Г.М. Хачятыряннің, А.В. Фадееваның,
А.С. Сухованың, С.А. Гридиннің тұжырымдамалық түйіндері мен практикалық тәжірибесін, сұрақтарға жауаптарын семинарға қатысушылар жоғары бағалады.

Өңірлерден «кері байланыс» Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Басшысының орынбасары
Р.А. Дауталиновтың, Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Басшысының орынбасары Д.Т. Жұманованың, Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы Басшысының орынбасары
Е.А. Шоратбаевтың сөз сөйлеуімен қамтамасыз етілді.

Семинарға қатысушылар үшін Дүниежүзілік банк семинар чатынан таңдаған ең қызықты деген сұрақтарды іріктеу нәтижелері бойынша партисипаторлық (бастамашыл) бюджеттеу жөніндегі кітаптармен марапаттау тосын сый болды. Атап айтқанда, ұлттық жобаларды енгізу ерекшеліктері, үкіметтік емес және азаматтық сектормен жұмыс, «халық қатысатын бюджетті» енгізудің тікелей және жанама артықшылықтары туралы мәселелер қозғалды.

Дүниежүзілік Банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «халық қатысатын бюджет» мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтасуға ниет білдірді.

 

Келесі материалдарға сілтемелер:

Спикерлердің тұсаукесерлері:

https://disk.yandex.ru/d/mzcBkSwhAtcOdQ?w=1

Вебинарды жазу: https://www.youtube.com/watch?v=4r8pi0yu-Ac