Қаржы министрлігін цифрландыру мемлекеттік органдар мен бизнестің өмірін жеңілдетеді

 Қаржы министрлігін цифрландыру мемлекеттік органдар мен бизнестің өмірін жеңілдетеді

Bnews ақпараттық агенттігінің онлайн-конференциясында Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігі процестерін цифрландыру туралы айтып берді.

Оның сөзі бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы шеңберінде электрондық мемлекеттік сатып алу порталын дамыту; мемлекеттік мекемелерде орталықтандырылған бухгалтерлік есеп; бюджеттік жоспарлау жүйесін дамыту; өзін-өзі басқару дербес бюджетін енгізу шеңберінде қазынашылық ақпараттық жүйесін жаңғырту көзделген.

Сондай-ақ Қаржы министрлігінің іс-шаралары арасында: электрондық шот-фактураларды қабылдап алу және өңдеу бойынша ақпараттық жүйесі; Blockchain технологиясын қолдана отырып ҚҚС әкімшілендіру; «Интеграцияланған дерекқор» ақпараттық жүйесін құру.

Қаржы секторында цифрландыру рөлі туралы айтқанда Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы «қазіргі таңда электрондық төлемдер мен электрондық сауда қаржы секторының ажырамас бөлігі болды» деп атап өтті.

Б.Тортаевтың пікірінше Қаржы министрлігі процестерін цифрландыру бизнеске мемлекеттік қызмет көрсетуді айтарлықтай жеңілдетеді. Мысал үшін қазіргі таңда салықтық және кедендік төлемдері бойынша дербес шоттар әртүрлі ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. 

МКК құрылуымен салықтық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету бойынша жүйелік жұмыс жүргізілуде. Бірыңғай дербес шотты енгізу мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартуға, халық мен бизнестің бюджетпен өзара есеп айырысуларын жеңілдетуге, бірыңғай есепке алу нысандарын (берешек туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірмелер) алуға мүмкіндік береді.

Осылайша түсімдердің есепке алынуын біріктіру салық төлеушіге және СЭҚ қатысушысына бөлусіз кәсіпкер клиенттің бірыңғай бейнесін құрады.

2018 жылғы сәуірде АСТАНА-1 АЖ іске қоса отырып, барлық кедендік рәсімдерді есепке ала отырып, бірыңғай ақпараттық жүйедегі салықтық және кедендік төлемдерді ескере отырып, Бірыңғай дербес шотты енгізу жоспарланады. Қызмет алушыларға қызмет көрсетуге жұмсалатын уақытты қысқарту мақсатында кедендік және салықтық жүйелерді біріктіру жөнінде жұмыс жүргізіледі, атап айқанда бір ақпараттық жүйеде дербес шоттарды біріктіру жүргізіледі. 

Бірыңғай дербес шотты енгізу «артық төлеу – бересі» принципі бойынша кедендік төлемдер бойынша автоматты түрде есепке жатқызу жүргізуге, берешектерді өндіріп алу шаралары мен тәсілдерін жүргізуге, электрондық порталдар арқылы бірыңғай дербес шоттарды қарауға қолжетімділік беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қаржы министрлігі «ИТП» ДКҚ-мен, IBM және PwC-мен бірлесіп Blockchain технологиясын пайдалана отырып, ҚҚС әкімшілендіру әдіснамасы мен ақпараттық жүйеге қойылатын техникалық талаптар әзірлеу жұмыстарын бастады.

«ИТП» ДКҚ-да IBM Hyperledger Fabric базасында Blockchain технологиясын енгізу бөлігінде қолданбалы зерттеулер бойынша зертхана құрылатын болады, мұнда ағымдағы жылғы тамызда Blockchainтехнологиясын пайдалана отырып, ақпараттық жүйеге ҚҚС-ты әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінің пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

Жобаның мәні – салық төлеушілердің қаржы транзакцияларының тізбегін қолма-қол қадағалауға және оларға ҚҚС-ті кепілдендірілген қайтаруға бірден мүмкіндік беретін орталықсыздандырылған деректер базасын қалыптастыру.

Blockchain технологиясын пайдалана отырып, ҚҚС-ті әкімшілендірудің жаңа тәсілін қолдану ҚҚС-ті әкімшілендіру процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді және мыналарды:

- экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтару мерзімдерін қысқартуды;

- алдын ала декларацияларды автоматты қалыптастыруды;

- салық органдары тарапынан тексерулер санын қысқартуды;

- ҚҚС жиналуын ұлғайтуды;

- ҚҚС әкімшілендіру ашықтығын  арттыруды;

- сұр схемаларды қолданудың мүмкін болмауын қамтамасыз етеді.

Ұсынылып отырған шешімнің негізгі қағидаты ҚҚС қаржы ағындарын және нақты уақытта салық төлеушілердің салық міндеттерін орындау ашықтығын қадағалау, оларды іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерде ашылған ҚҚС төлеушілеріне ҚҚС-тің қолма-қол бақылау шоты деп аталатындар қолданылатын болады.

Мәліметтер үшін: Қаржы министрлігі жеке және заңды тұлғаларға 54 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 38 (немесе 70,4%) автоматтандырылған, оның ішінде 34-і «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.