Биылғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау заңының түзетулерін Үкімет мақұлдады

Биылғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау заңының түзетулерін Үкімет мақұлдады

Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын Үкіметте таныстырды.

Оның айтуынша, 2018 жылға арналған республикалық бюджеттің бекітілген  көрсеткіштерін нақтылауға елдің өзгертілген макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы негіз болды. «Осылай, республикалық бюджет түсімдері 181,4 млрд. теңгеге ұлғайтылып 8 759,7 млрд. теңгені құрады. Бұл негізінен мұнай бағасы мен өндіру көлемінің ұлғаюы нәтижесінде мұнайға экспорттық кедендік баждарынан түскен түсімдер есебінен болды.Тапшылық 883,3 млрд. теңгені құрайды немесе жалпы ішкі өнімге 1,5% және сомасы 117,1 млрд. теңге өткен жылдың қалдықтарын қамтиды. Нәтижеде 2018 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 417 млрд. теңгеге ұлғайып 9 643 млрд. теңгені құрайды»,-деді қаржы министрі.

Қаржы министрлігінің басшысы айтқандай, мұғалімдердің жалақысын 30   50% -ке көтеру ұсынылып, осы бағытқа 61,8 млрд. теңге бағытталады, ондай-ақ мүгедектердің күтімін жүзеге асыратын адамдарға жаңа жәрдемақы 2,7 млрд. теңге төлеуге жұмсалады.

Экономиканың нақты секторы мен аумақтарды дамытуға 114,9 млрд. теңге бағыттау ұсынылады, оның ішінде  ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 30,9 млрд. теңге бағытталатын болады; салынып жатқан тұрғын-үй объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізуге 31,5 млрд. теңге; жергілікті жолдар желісін дамытуға 29,2 млрд. теңге; «Нұр Жолы» өткізу пунктін іске қосу жобасын іске асыруға 41,8 млрд. теңге бағытталады; агроөнеркәсіптік кешенді (кредит және лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау) және агро ғылымды дамытуға 15,6 млрд. теңге.

Кибер қылмыспен күрес бойынша іс-шараларға 71,3 млрд. теңге бағыттау ұсынылады.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде іс-шараларды іске асыруға үшінші және төртінші бастамалар бойынша 25,1 млрд. теңге, үшінші бастама шеңберінде білім беру тапсырысын 20 мың грантқа ұлғайтуға 5 млрд. теңге көздеу ұсынылады және төртінші бастама бойынша микрокредиттеуді 60 млрд. теңгеге жеткізу мақсатында қосымша 20,1 млрд. теңге бағытталатын болады.

Бұдан басқа, бюджет жобасында Президенттің тапсырмалары мен бұрын қабылданған міндеттемелер бойынша жалпы сомасы 99,4 млрд. теңгені құрайтын шығыстар ескерілді.

Аталған шығыстар шеңберінде Астана (25 млрд. теңге) және Алматы (10,7 млрд. теңге) қалаларын одан әрі дамыту, әскери қызметшілерді тұрғын-үймен қамтамасыз ету (18,7 млрд. тенге) бойынша іс-шаралар мен жобалар қаржыландырылатын болады.

 

 

                                   ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі