Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті қадағалау мәселелері бойынша дөңгелек үстел қорытындысы бойынша баспасөз релизі

Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті қадағалау мәселелері бойынша дөңгелек үстел қорытындысы бойынша  баспасөз релизі

2021 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстандағы аудиторлық қадағалаудың жаңа моделінің мазмұнын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге 50 - ден астам қатысушы – бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің, Мемлекеттік органдардың, Дүниежүзілік Банктің, IFIAR халықаралық ұйымының мамандары, халықаралық біліктіліктердің, сондай-ақ кәсіби аудиторлық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Анықтама. IFIAR – тәуелсіз аудит реттеушілерінің Халықаралық форумы. IFIAR-дың негізгі қағидаттары бүкіл әлемде аудиторлық қызметке тиімді тәуелсіз қадағалауды жоғарылатуға бағытталған.

Дүниежүзілік банктің өкілі Андрей Бусуйок, IFIAR саясат мәселелері жөніндегі аға қызметкері - Мелисса Андраде Гомес, ҚР Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп әдіснамасы, аудит және бағалау департаментінің      директоры - Бектурова Арман Турсынқызы баяндамашылар ретінде сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер атап өтілді:

  1. Қоғамдық бақылау және сапаны қамтамасыз ету жүйелері: халықаралық тәжірибе.
  2. Аудиторлық қадағалаудың халықаралық үрдістері және оның аудит сапасы үшін маңыздылығы: IFIAR жаңалықтары.
  3. Қазақстандағы аудиторлық қадағалау және сапаны қамтамасыз ету: жақсартылған құқықтық базаға негізделген жаңа модель.

Дөңгелек үстелде қоғамдық қадағалаудың институционалдық моделі саласындағы жетістіктер мен озық тәжірибе, оның негізгі қызмет түрлері, директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен біліктілік критерийлері, қаржыландыру және персоналмен жасақтау, сондай-ақ қоғамдық қызығушылық субъектілеріне аудит жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптар қамтылған.

2020 жылғы 3 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, оны іске асыру үшін 11 нормативтік құқықтық актілер әзірленуде. Осы құқықтық актілер заңнамаға сәйкес тиісті рәсімдерден, оның ішінде жария талқылаудан өтеді.

 Бұл алаң жақсы талқылау өткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, іс-шарада Қазақстанда білім сапасын жақсарту үшін білім берудің халықаралық стандарттарын енгізу талап етілетіні атап өтілді.

Ұсынылған ақпаратты талқылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар заңнамадағы өзгерістер бойынша ортақ пікірге келіп, аудиторлық қызмет саласында жүргізіліп жатқан бастамаларға қолдау білдірді.