ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "NurOtan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауына жазылған азаматтармен онлайн кездесу өткізді.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "NurOtan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауына жазылған азаматтармен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар шағын кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде тауарларға ілеспе құжаттарды енгізу, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу мәселелерін талқылады.

Кейбір сұрақтар кездесу барысында шешімін тапса, бірқатар мәселелер бойынша Қаржы министрі тиісті құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға нақты тапсырмалар берді.