
ГОНКОНГ – 2018 жылдың 6 сәуірінде ҚР Қаржы министрлігінің «Электрондық коммерция орталығы» АҚ мен Гонконгтың IT-индустриясының жетекші өкілдерімен IT-индустриясы саласында тәжірибе мен білім алмасу мәселелері бойынша тараптар арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Аталған уағдаластықтарға сәуірдің 4 мен 6 жұлдызы аралығында ҚР Бас Консулдығының ықпал етуімен өткен бірқатар кездесулер шеңберінде қол жеткізілді.
Іссапар шеңберінде қазақстандық делегация Гонконгтың Бас ақпараттық офицері Аллен Янгпен, Гонконгтың Монетарлық басқармасының қаржы технологияларына қолдау көрсету кеңсесінің басшылығымен келіссөздер жүргізді. Бұдан басқа, Гонконгтың «Cyberport» IT-паркі, Ғылыми-технологиялық паркі және Гонконг азиялық-қаржы технологиялары институтының өкілдерімен кездесулер өтті.
Келіссөздер барысында қазақстандық делегация гонконгтық мемлекеттік және жеке-меншік құрылымдарының өкілдеріне «Электрондық коммерция орталығы» АҚ-ның ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетудің цифрландыруын жүзеге асыру мақсатында іске асырып отырған қызметі және стратегиялық міндеттері туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, мемлекеттік даму бағдарламары шеңберінде сәтті іске асырылып жатқан мемлекеттік қаржы жүйесін және оның ресурстарын ақпараттандыру, сондай-ақ, электрондық мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік қызмет және салық салу процестерін толығымен автоматтандыру жөніндегі жобалар көрсетілді.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап Гонконгтың экономиканы сандық жүйеге ауыстыру жетістіктерімен, атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен бизнес саласында электрондық қызметтерді және озық ІТ-технологияларды енгізу деңгейімен, электрондық коммерцияның, қаржылық технологиялардың және стартап-индустрияның даму серпінімен танысты.
Гонконгтің бүгін Азиядағы дамыған IT-индустриясы бар ең ірі стартап-орталығы екендігін ескере отырып, және ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында кездесу қорытындылары бойынша тараптар арасында ІТ-технологиялар саласында бұдан әрі тәжірибе алмасу, мамандар арасында байланыс орнату, сондай-ақ, өзара тренингтер мен тағылымдамалар ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат үшін:
Cyberport (HK Cyberport Management Company Limited) - Гонконгтың үкіметі іске қосқан үлкен технологиялық орталық болып табылады. Киберпротация, инкубациялау және жеделдету бағдарламаларын жүзеге асыратын коворкинг орталығы. Аталған мекеменің инкубациялау бағдарламасы екі жылға созылады және 530 мың Гонконг долларына (шамамен 68 мың АҚШ доллары) бөлінеді. Cyberport Creative Micro Fund (CCMF) атты жартыжылдық жеделдетілген бағдарламасы шамамен 13 мың АҚШ долларын құрайды.
Гонконг Ғылыми-технологиялық паркі (HKSTP) биотехнология, интернет және мобильді технологиялар салаларының дамуын қолдауға арналған Инко-Био, Incu-Tech және Incu-App үш инкубациялық бағдарламаны жүзеге асыратын мекеме.
Гонконг Ғылым және Технология Университеті әлемдегі ең үздік 50 университеттің тізімінде.
Гонконгтың Монетарлық басқармасы - бұл орталық банк қызметін атқаратын бөлім.
