
2018 жылғы 13 сәуірінде, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа ала отырып, өзінің құзыреті мен өкілеттіктері шегінде келісімге қол жеткізді және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» атты Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.З. Байғұлов пен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» Республикалық мемлекеттік мекеменің төрағасы А.М. Теңгебаев арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты - Ұлт Көшбасшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайласжемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және жылжытуға бағытталған бірлескен және келісілген әрекеттердіәзірлеу және іске асыру, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексініңнормалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының құқық бұзушылықтарын алдын алу мен сақтаубойынша жұмыстарын күшейту, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, мемлекеттікқызметтің жоғары мәдениеті мен имиджін қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыңалдын алу, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жою болып табылады.
