Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Алматы және Астана қалаларын байланыстыратын автожолдың реконструкциясын қаржыландырады

Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Алматы және Астана қалаларын байланыстыратын автожолдың реконструкциясын қаржыландырады

Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Алматы және Астана қалаларын байланыстыратын автожолдың реконструкциясын қаржыландырады

09.05.2018

Күрті-Қапшағай дәлізін реконструкциялау бойынша жобаны қаржыландыру бойынша алдын- ала келісімге қол қойылды.

 

 

2018 жылғы 8 мамырда Иорданияда Еуропа Қайта құру және ДамуБанкінің Басқарушылар Кеңесінің Жыл сайынғы Отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Президенті Сумантра Чакрабарти Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағыКүрті-Қапшағай дәлізін реконструкциялау (67 км) бойынша жобаны 106 млн. АҚШ долл. дейінгі сомада қаржыландыру бойынша алдын-ала келісімге қол қойылды.

Бұл жоба көлік саласындағы «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып, көліктік- логистикалық тиімді инфрақұрылымды құруға септігін тигізетін болады.

Алматы және Астана қалаларын байланыстыратын Күрті-Қапшағай дәлізін реконструкциялау Жобаның мақсаты болып табылады.

Қаражатты әкімшілендіруді және оларды жұмсауды Жобаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жүзеге асыратын болады.

Қазақстандық тарап Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатынын және осы Келісімге қол қою тараптар арасындағы жоғары сенімді растап, ынтымақтастықтың нығаюының айқын дәлелі болып табылатынын атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі