
Бүгін ҚР Қаржы министрлігінде мемлекеттік қаржыны цифрландыруға жетекшілік ететін жаңа вице-министр Еңсебаев Руслан Сатбекұлы тағайындалды.
Еңсебаев Руслан Сатбекұлы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылы 6 маусымындағы № 325 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі болып тағайындалды.
Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы — Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы — Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК жетекші маманы ретінде бастаған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ да басшылық қызметтер атқарған.
2017 жылдың маусым айынан бастап «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен.