19.03.2021 күнгі жаңалықтар топтамасы

19.03.2021 күнгі жаңалықтар топтамасы

Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 16 отырысы өтті. Отырысқа министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ екі тараптың тиісті ұйымдарының шақырылған өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны басқарып барған  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесті, онда сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Роман Скляр мен Комиссияның тең төрағасы – Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саидтың кездесуінде екі елдің ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, энергетика және су ресурстары, көлік және азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимыл тақырыптары көрініс тапты. Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірлескен күш-жігердің нәтижелілігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру туралы хаттамаға қол қойылды.

 

Кәсіпкерлер назарына! Үйдің жанындағы дүкендерге, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу қажет емес. Соңғы уақытта үй маңынан ашылған дүкен иелері арасында алаңдаушылық туындап тауарларға ілеспе жүкқұжат ресімдеу қажеттілігі туралы сұрақтар жие қойылуда.

Егер бақылау кассалық машиналарының чегін бере отырып, онлайн бақылау-касса машиналары қолданылатын болса, оларда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу бойынша міндет туындамайды деп ескертеді Мемлекеттік кірістер комитеті.  Аталған шарттар алғашқыда тауарларға ілеспе жүкқұжаты бойынша Пилоттық жобаны іске қосу кезінде көзделген.

Сонымен бірге, акцизделетін тауарларды  сату кезінде, бұрынғыдай, ақпараттық жүйеде олардың алынғанын растау қажет. Бұрын бұл операция ЭШФ ақпараттық жүйесінде жасалады. Ыңғайлы болу үшін  ЭШФ ақапараттық жүйесінің мобильді қосымшасында да жасауға болады.

 

Өзге де ақпараттар. Бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Наурыз мерекесін онлайн-форматта атап өтті.  МКК еліміздің әр өңіріне виртуалды саяхат жасап, халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтады. Комитеттің өңірлердегі департаменттері көрермендерге ән-күйлерін тарту етіп, сырға алу, тұсау кесу, беташар дәстүрлерін ұсынды. Сондай-ақ өңірлердегі департаменттер қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Шараны ашып берген комитет төрағасының орынбасары Қайрат Миятов қазақстандықтарды Әз-Наурызбен құттықтап, комитет алға қойған міндеттерін жүйелі түрде атқарып келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, Наурыз мерекесін алғаш рет осылай онлайн форматта тойланды. Бұдан бөлек, шара барысында Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Марат Бейсенов , ҚХР-дағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Нұржан Жұмағалиев Кірістер комитеті өкілдігі атынан келе жатқан мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Онлайн шара ән-күймен жалғасты.

 

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша бүгін теңгенің бір долларға шаққандағы бағамы 421теңге 2 тиынды құрады. Еуро 498 теңге 17 тиын, ресей рублі 5 тенге 68 тиыннан саудалануда.

 

Сөз соңында, ауа-райы мәліметтері. Қазгидрометтің хабарлауынша, ертен бас қаламыз Нұр-Сұлтанда күн ашық 2-4 градус нөлден жоғары. Алматыда да сынап бағанасы нөлден жоғары+12-+14 градус шамасында.