
Жеке тұлғаларға азық-түлік сатқан дүкендер тауарға ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдей ме? Кәсіпкерлер арасында жие талқыланып жүрген бұл сауалға мемлекеттік кірістер комитетінде жауап берді. Жыл басынан бастап Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін Пилоттық жоба іске қосылды. Жеке тұлғаларға азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды өткізу кезінде бақылау-касса машинасының чегі беріледі. Сондықтан тауарларға ілеспе жүкқұжаттар рәсімделмейді. Сатып алушылар 14 күн ішінде сатып алынған тауарды қайтаруға құқылы екенін ескере отырып, Виртуалды қоймадан сатылған тауар 16-шы күнтізбелік күнінде есептен шығарылады. Есептен шығару ЭШФ ақпараттық жүйесінде бақылау-касса машиналары чектерінің деректері негізінде автоматты түрде жүргізіледі.
///
2020 жылы қазақстандық банк карточкаларын ұстаушылар 35,3 трлн теңгені құрайтын 3 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операция жасады. Оның 81% -ы онлайн-транзакцияларға - Интернеттегі төлемдерге және мобильді банкингке түсті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Мұндай өсімнің негізгі себебі, карантиндік шектеулер. Қолма-қол жасалмайтын транзакциялардың жалпы санындағы онлайн-транзакциялардың үлесі 2020 жылдың соңында 66% -ды құрады, ал 2020 жылдың басында ол тек 46% болған еді. 2020 жылдың соңында мобильді және интернет-банкингті белсенді қолданушылар саны 82% -ға көбейіп, 14 миллионды құрады. Жалпы, бұл қызметтерді қолданушылар саны бір жыл ішінде 46% -ға өсті.
///
Өзге де ақпараттар. Қазақстандық өндірушілер енді өз тауарларын Ресейдің KazanExpress маркетплейсінде саудалай алады. Жақында QazTrade-дің сарапшылары Ресейде тез дамып келе жатқан нарыққа шығу туралы нұсқаулық жасады. Бұл платформаның артықшылығы - тауарларды сақтау, жинау, тапсырыстарды жеткізу сатушы немесе интернет-дүкен емес, маркетплейстің өзі жүзеге асырады. Сонымен қатар, тапсырыстар Ресейдің 34 қаласына бір күнде ақысыз жеткізіледі. Қазақстандық тамақ өндірушілер де өз тауарларын осы платформа арқылы сата алады. Ең бастысы, тауарларды қоймаға жеткізу кезінде өнімнің жарамдылық мерзімі кемінде 6 айды құрауы тиіс. Бұл дегеніміз, өнеркәсіп тауарларынан басқа макарон өнімдерін, консервілерді, жарма, печенье, тәттілерді сатуға болады деген сөз. Сайт тек сатылған тауарлар үшін 20% комиссия алады.
///
Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша бүгін доллар бағасы 1 теңгеге қымбаттады. Ресми мәлімет бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы– 419теңге 27 тиынды құрады, 1 евро – 498,32, 1 Ресей рублі – 5,73 тиын.
Сөз соңында, ауа-райы мәліметтері. Қазгидрометтің хабарлауынша, ертен Нұр-Сұлтанда күн жылынып сынап бағанасы 2 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда да күн ашық +12-14 градусты көрсетеді