17.03.2021 күнгі жаңалықтар топтамасы

17.03.2021 күнгі жаңалықтар топтамасы

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қаржы министрлігі аталған заң жобасын әзірлеген болатын. «Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың сатып алулары әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеліп келеді. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулары «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңмен және Қордың директорлар кеңесі бекіткен сатып алу қағидаларымен реттеледі. «Әзірленген заң жобасымен Самұрық-Қазына Қорының және өзге де ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларын реттеу ұсынылады. Осылайша, заң жобасы сатып алулары шамамен 3,4 трлн теңге сомасындағы 250-ден аса ұлттық компанияларды олардың еншілес ұйымдарымен бірге қамтитын болады. Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның аясында қалдыру ұсынылады», - деді Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев. Жалпы, заң жобасын қабылдау – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуының ашықтығын, тиімділігін арттыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.

///

Биылғы жылдың алғашқы 2 айында салықтық түсімдер бойынша жоспар 121,3%-ға орындалды

Яғни, қаңтар-ақпан айларында мемлекеттік бюджетке, 1 млрд 391млн тенгеден астам салық түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Республикалық бюджет жоспарын асыра орындауға әсер еткен негізгі факторлар: Бұл ең алдымен, мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспар 35$ ставка бойынша салынды, мәселен ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында орташа ставка 55,2$ деңгейінде қалыптасты. Мұнымен қоса, 2020 жылғы 4-тоқсанында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде күміс, алтын, мыс, уран секілді шикізаттарға бағаның өсуі байқалды.

///

2021 жылдың ақпанында қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және жеке банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 59,2 кг болатын 2 309 өлшенген құймаларды сатып алды, деп хабарлайды Kapital.kz  ақпарат порталы. тық орталығы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алтын құймалар бес, 5, 10, 20, 50 және 100 граммнан тұрады. Сатып алушылар арасында ең танымал - 10 грамм бар. Жалпы сатылымдағы оның үлесі 28% - 12 932 дана. Әдетте өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.    Алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы - банктерге және банктік емес айырбастау пункттерінде «күнделікті негізде» клиентке ақша төлей отырып, құймаларды сатып алу мүмкіндігі. Бағдарлама басталғаннан бері жалпы салмағы 3,7 кг болатын тек 140 өлшенген құйма сатып алуға қабылданды.

///

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 16 наурыз кешімен салыстырғанда 0,77 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 418,15 теңгені құраған. Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,94 теңге 1 евро – 499,75, 1 ресей рублі – 5,75,

Сөз соңында ауа-райы мәліметтері. Қазгидрометтің хабарлауынша, ертен 18 наурызда Нұр-Сұлтанда 5-7 градус нөлден төмен, ал Алматыда керісінше 5-7 градус жылы болады.