ҚР Қаржы министрлігінің жаңалықтар топтамасы

ҚР Қаржы министрлігінің жаңалықтар топтамасы

Кәсіпкерлерді QR-код арқылы сәйкестендіретін болады

Кәсіпкерлерді QR-код арқылы сәйкестендіретін болады. Арнайы QR-кодты Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болады. «Шолып тексеру» пилоттық жобасы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған. МКК хабарлағандай, пилоттық жобаны 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумағында көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында «Ақпараттық ресурстар» қосымша бетінде штрих-кодты  алуы тиіс.  Сәйкестендіргіш кәсіпкер туралы барлық ақпаратты қамтиды. Бұл сатып алушылардың кәсіпкерді сәйкестендіруі үшін қажет. «Мысалы, фискалды чек берілмеген, тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартылған, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда сатып алушы ұялы телефонының көмегімен QR-код арқылы есептелген пилоттық жобаға қатысушы туралы деректерді пайдалана отырып, Мемлекеттік кірістер органдарына шағым жолдауға құқылы», - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде.

Қазақстан Қырғызстанмен арадағы сауда байланысты ретке келтірмек

Еліміз Қырғызстанмен арадағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін арттыруды көздейді. Өткен жылғы карантиндік тыйымдар нәтижесінде екі ел арасындағы алыс-беріс айтарлықтай азайған болатын. Бұл туралы Қырғызстанда өтіп жатқан үкімет аралық кездесуде белгілі болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған үкіметтік делегация Қырғыз Республикасының үкіметімен бірқатар кездесулер өткізді. Министр Сұлтанов қырғыз тарапына машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары, химия өнімдері және басқа салалардағы құны 230 миллион доллардан асатын 190 тауарлық тауарлардың тізімін ұсынды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Бішкек әкімдігі арнайы техника мен автобустар сатып алуға мүдделі. Қазақстан қазірдің өзінде қырғыз нарығына автомобиль өнімін экспорттайтын ел ретінде Бішкекке қажетті жабдықтар мен автобустардың жеткізілімін қамтамасыз етуге дайын. Сапар аясында қайта жаңартылған «Қордай - Ақжол» өткізу пункті салтанатты түрде ашылды. Айта кетейік, Қордай өткізу пунктін қайта құру жолаушылар ағынын тәулігіне 6 мыңнан 25 мың адамға дейін және көлік құралдарын 1 мыңнан 2,5 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ екі ел арасындағы шекара саудаларын арттыруда оң рөл атқарады.

Дизель отыны мен керосин тауар биржалары арқылы саудаланады

Осы айдын соңынан бастап дизель отыны мен керосинді тауар биржалары арқылы саудаланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Естеріңізде болса, Президент Жолдауы аясында мұнай өнімдерінің саласында да биржалық сауданы ретке келтіру және жетілдіру бойынша тапсырма берілген болатын. Бұл ретте өткізу көлемі министрлік бекітетін ай сайынғы жеткізу жоспарларына сәйкес анықталатын болады. Жалпы, биыл 17 млн тонна көлемінде мұнай өңдеп, 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Отандық мұнай өңдеуді қолдау мақсатында биылғы жылы ашық түсті мұнай өнімдеріне, яғни, бензин, дизель және әуе отынына экспорттық кедендік баж мөлшерлемесі 3 есе төмендетілді. Қазіргі уақытта бензин мен дизель отынын экспорттау кезінде акциз төлеуден босатуға қатысты шаралар қабылдануда», - деді министр.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы 418 тенге 82 тиынды құрады. Еуро 499тенге 44 тиынға саудаланса, Ресей рублі 5тенге 73 тиынды құрады.

 

Сөз соңында ауа-райы мәліметтері. Қазгидрометтің хабарлауынша, ертен Нұр-Сұлтанда 4-6 градус нөлден жоғары. Ал Алматыда ауа температурасы -1-3 шамасында.  

Мәншүк Мақсұтқызы Қаржымин жаңалықтары