Өнірлердегі қазынашыларға жергілікті бюджеттерді қалыптастыру туралы айтты

Өнірлердегі қазынашыларға жергілікті бюджеттерді қалыптастыру туралы айтты

Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде «Ел жүрегі - Астана» атты республикалық бірыңғай медиа-жоспар аясында Аудандар мен ауылдардың дербес бюджеті» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қазынашылық комитетінің басшылығы, облыстық департаменттердің басшылары және аудандық қазынашылық басқармаларының басшылары қатысты.

Семинар барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетіне қазынашылық қызмет көрсету, қазынашылық органдарында 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру, қазынашылық органдарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖЭ) және концессиялардың шарттарын тіркеу процедурасымәселелеріне арналған баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға қазынашылықтың аумақтық  органдарын рейтингтік бағалаудың жаңа әдістемесі мен қазынашылық қызметінде бенчмаркетингті қолдану туралы да баяндалды. 

«100 нақты қадам Ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру аясында Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетіне қазынашылық қызмет көрсету 2 кезеңмен жүзеге асырылмақ: бірінші кезеңде 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап тұрғындарының саны 2000-нан асатын 1062 ауылдық округке қызмет көрсетіледі, ал 2020 жылдан бастап жаппай енгізілетін болады.

Тиісті және қажетті нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қабылданды.

Бірінші кезекте енгізілетін 1062 жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) үшін жаңа алтымәнді кодтар берілді және қолма-қол ақшаның бақылау шоттары ашылды.

Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде барлық бизнес процесстер іске қосылған, олар: қаржыландыру жоспарлары, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге өтінімдер, төлемге берілген шоттар, есептілік түрлері.

Салықтың алты түрі бойынша түсетін кірістер, сондай-ақ, жоғары тұрған бюджеттен ЖӨБ бюджетіне түсетін субвенциялар мен мақсаттық трасферттер  ЖӨБ-тің бюджетіне тікелей есепке алынады.

Биылғы жылдың қаңтарында барлық қаржыландыру жоспарлары енгізілді.

Қазіргі таңда ЖӨБ бюджетін атқару жұмыстары толықтай іске асырылуда.

ЖӨБ-тің қаржыландыру жоспарларын талдау аясында кейбір өңірлерде оларды қалыптастыру кезінде кемшіліктер кеткені анықталды.

Осыған байланысты, субвенциялар көлемі мен бюджеттік алымдар тұрғысынан қаржыландыру жоспарларын  қалыптастыруға бақылауды күшейту ұсынылды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі