Қаржы министрлігі: қарыз алудың оңтайлы нұсқасын іздеуде

Қаржы министрлігі: қарыз алудың оңтайлы нұсқасын іздеуде

NASDAQ - жоғары технологиялық компаниялардың (электроника өндірісі, бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.) маманданған америкалық қор биржасы.

Қазіргі уақытта NASDAQ 3 200-ден астам компания акциялары, оның ішінде екі ресейлік компания акциялары сатылады.

Б.Сұлтанов атап өткендей, ҚР Қаржы министрлігі шетелдік капитал нарығында қаржыландыруды тартудың барлық мүмкіндіктері мен қадағалау жұмыстары жүргізіп отырылатындығын және қарыз алудың оңтайлы нұсқасы іздестірілінетінін атап өтті.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің АХҚО-дағы ықтимал дебюттері теңгемен еурооблигациялар, рубль облигациялары, сукук және т.б. сияқты құралдар шығару жолымен әзірленуде.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2018 жылы шамамен 300 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі егемен сукуктарды шығару бойынша дайындық жұмыстарын бастады, сондай-ақ, АХҚО Биржасына орналастыруға жоспарланып отырылған 1 млрд. АҚШ долларына баламалы сомаға еурооблигацияларды шығаруды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, Euroclear жүйесінде есептелген бағалы қағаздардың тізіміне Министрлікте АХҚО мен Euroclear банкінде барлық МБҚ бойынша есеп айырысуды жүргізуге мүмкіндік беретін ҚР МБҚ бағалы қағаздарын қосу үшін бірлесе жұмыс жасалуда.

ҚР Қаржы министрлігінің басшысы бағалы қағаздар нарығын дамыту және отандық капитал нарығын халықаралық деңгейде интеграциялауды қамтамасыз ету мақсатында АХҚО биржасының дамуына үлес қосу үшін стратегиялық әріптес ретінде NASDAQ-ға алғысын білдірді.
«Бұл өзара әрекеттестік осы кең ауқымды аймақтардың инвестициялық өтімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Биржалық индустриядағы және NASDAQ беделіне ие бірегей тәжірибе тек халықаралық инвесторлардың сенімін ғана емес, сонымен қатар АХҚО биржасының табысты іске қосылуымен байланысты қосымша кепілдіктерді қамтамасыз етеді », - деді Б.Сұлтанов.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі