
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мәселесі бойынша бейнеконференция байланысы режимінде семинар өткізілді
Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2018 жылғы 10 шілдеде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мәселесі бойыншаоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің қаржы басқармаларыменсеминар өткізілді.
Семинарда Қаржы министрлігінің, Қазынашылық комитетінің, «Электрондық коммерция орталығы» АҚ-ның өкілдері жәнеоблыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің 100 аса өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 601 бұйрығына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру жөніндегі мәселе талқыланды. Сондай-ақ «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартының өзгерістері түсіндірілді, онда мәнділік деңгейі теңгерім валютасынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабының сомасын шегергенде 2 % мөлшерінде анықталады.
Бухгалтерлерге, бухгалтерлік есепте жергілікті бюджеттерге түсетін салық және салықтық емес түсімдерді танудың, шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарын толтырудың және уәкілетті органдардың өтеусіз алған активтері мен қорларын растаудың тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, семинар қатысушылары бухгалтерлердің жүктемесі көптігі, аудандық деңгейдегі мемлекеттік мекемелерде бухгалтердің штаттық бiрлiгі жоқтығы және еңбекақы деңгейінің төмендігі туралы айтты.
«ЭКО» АҚ ағымдағы жылдың 12-13 шілде аралығындағы кезеңге «Алым және шоғырландырылған қаржылық есептілік» кіші жүйесінде қаржылық есептілікті элиминирлеу қағидалары бойынша және қаржылық есептілікті тапсыру әдіснамасы бойынша облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің қызметкерлерін оқытуды жоспарлаған.
Департамент бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бухгалтерлері үшін Қаржы министрлігінде үйрету тағылымдамаларын өткізуді ұсынды. Департамент «ЭКО» АҚ-ға мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері жұмыстарында басшылыққа алу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен қолданыстағы бұйрықтарды «Алым және шоғырландырылған қаржылық есептілік» кіші жүйесінде орналастыру қажеттігі туралы ұсынысқа бастамашылық жасады.
