Қаржы министрлігі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асу жағдайы

Қаржы министрлігі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асу жағдайы

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев комитеттердің және аумақтық бөлімшелердің басшыларымен Қаржы министрлігі жүйесіндегі «Астана - адалдық алаңы» жобасын енгізу мәселелері жөніңде кеңес өткізді.

Қаржы министрлігінің Персоналды басқару және стратегия департаменті басшысы Қайрат Орунхановтың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы А. Шпекбаевтың қатысуымен министрліктердің жауапты хатшыларымен кеңес өтті.

Жиын қортындысы бойынша, барлық министрліктерге Жобалық кеңселер ашу тапсырмасы берілді. Олар үш бағыт бойынша жұмыс істейді:

  • министрліктің және аумақтық бөлімшелердің қызметі мен беделін арттыру
  • нормативтік-құқықтық актілер мен бизнес-процестердің ішкі аудиті
  • корпоративтік этика мен қызметкерлердің ризашылығын арттыру.

Қаржы министрлігінің Жобалық кеңсесіне МКК екі және өзгеде комитеттерден бір-бір қызметкерден тартылмақ. Олар негізгі қызметтен босатылады.

Қ.Орунхановтың айтуынша, қазіргі таңда Қаржы министрлігі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, Жобалық кеңсенің қызметкерлеріне биліктің жұртшылықпен байланыс технологияларын үйрету мәселесі қаралуда.

Болашақта мұндай алаңдарды аумақтық деңгейде жасақтау көзделген.

Бұдан бөлек, кеңес барысында 1.06.2019 жылғы жағдай бойынша бюджеттің орындалмау мәселелері және игеру шаралары сөз болды. Мұнымен қоса, 9 маусымда өтетін Президент сайлауына дайындық барысы пысықталды.

Об опыте внедрения антикоррупционного проекта «Адалдық алаңы» в системе Министерства финансов

Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры Динара Шаймұратова 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бюджеттің орындалмауы бойынша және игеру шаралары туралы хабарлады.

Персоналды басқару және стратегия департаментінің директоры Қайрат Орынханов Қаржы министрлігі жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» жобасын енгізу туралы баяндады.

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев әріптестеріне осы жылдың 9 маусымында өткізілетін сайлауға дайындық туралы еске салды.

Сондай-ақ, дауыс беруге қатысу туралы хабарландыру мен дауыс беру туралы есеп беру тәртібі бар екенін атап өтті.

Аумақтық құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және бірге тұратын тұлғаларға дауыс беру туралы дауыс беру туралы есеп беруге қатысу туралы Министрліктің кадрлар бөлімімен өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдық бөлімшелерге жауапты тұлғалар анықталды.

«Аумақтық бөлімшелердің басшылары өз бөлімшелерінде ұқсас жұмысты атқаруы және тиісті комитетке есеп беруі керек», - деді Е.Жамаубаев.

Қаржы министрлігінің құрылымы министрліктің орталық аппаратынан, 6 комитеті және 5 ведомстволық бағынысты ұйымнан тұрады. Бағынысты ұйымдармен бірге жалпы саны 19049 бірлік. Соның ішінде Нұр-Султан қаласында 3 630 қызметкер.

Министрліктің кадр қызметі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, сайлаушылар туралы ақпараттың өзектілігін анықтау үшін сайлаушылар тізімін салыстырып тексеру жүргізді.