Әлихан Смайылов Сингапурдың сауда және өнеркәсіп министрімен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті арттыру мәселелерін талқылады

Әлихан Смайылов Сингапурдың сауда және өнеркәсіп министрімен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті арттыру мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында Сингапур Республикасының сауда және өнеркәсіп министрі Ко По Кунмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы қызметтердің еркін саудасы мен инвестициялар туралы келісім бойынша сезімтал және басым мәселелер талқыланды.

Әлихан Смайылов атап өткендей, екі ел арасындағы өзара сауда 500 млн АҚШ долларынан сәл артық. "Әрине, бізде оны өсіру әлеуеті бар. Қалыптасқан еркін сауда аймағы бұған ықпал етуі тиіс. Біздің елдеріміз үшін осы жылдың күзінде осындай маңызды шартқа қол қоюдың ортақ мақсаты бар", - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, ол "Қазақстан үшін тауарлар мен қызметтер бойынша бір мезгілде келісімдерге қол қою қағидатты ", - деп атап өтті.

А. Смайылов тауарлық келісім бойынша келіссөздер іс жүзінде аяқталғанын, алайда ҚР-да қызметтер мен инвестициялар мәселелерінде ілгерілеу бойынша қауіптілік бар екенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан келіссөздер қорытындысы бойынша анықталған бірқатар сезімтал мәселелер бар. Мысалы, жеке тұлғалардың қозғалысы, жергілікті қамту, экспроприация, келісімдерді қамту және режимдік ережелерді қолдану мәселелері", - деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.

Қазақстан өз тарапынан келіссөздерді белгіленген мерзімде аяқтау үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын, деп атап өтті Ә. Смайылов.

"Болашақ келісім біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың маңызды құралы болады", - деп түйіндеді Ә. Смайылов.