Әлихан Смайылов: Кооперация жолымен еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту

Әлихан Смайылов: Кооперация жолымен еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайылов Петербург Халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Еуразиялық экономикалық одақ. Болашақ стратегиясы» атты сессияда сөз сөйледі.

Ә.Смайылов атап көрсеткендей, ағымдағы жылы 31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ақылды интеграцияны» жүзеге асыру маңыздылығын атап өткен еді.

«Ол бұрыштың басына сапалы дамуды қоюға негізделуі тиіс, сандық кеңею мен үдемелі жеделдеуге емес, басқару тиімділігін арттыру мен мазмұнды басымдықтарға көңіл бөлу қажет. Осы тұрғыда кооперация мәселелеріне, қосылған құнның өңірлік тізбегін құруға көбірек басымдық беру қажеттілігін айтқым келеді», - деп атап көрсетті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.Смайылов.

Оның айтуынша, «жаңа нарықтық мүмкіндіктерді бірлесіп құрумен айналыса отырып, кооперация моделіне көшу қажет. Атап айтқанда, ауқымды кооперациялық жобаларды өнеркәсіпте, АӨК-де, көлік және өзге де салаларда іске асыруға болады және бұл бағытта осындай жұмыстар басталып та кетті».

Мысал үшін, «Өнеркәсіптік кооперацияның, субконтрактацияның және технологиялар трансфертінің еуразиялық желісі» жобасын іске асыру басталып жатыр, ол кооперациялық байланыстар жасау есебінен өндірістік тізбектерге шағын және орта бизнесті тартуға мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов «ЕАЭО интеграциялық процестерін одан әрі дамыту туралы қабылданған Декларация экономикалық ынтымақтастық үшін жаңа белестерді анықтап беретінін» тілге тиек етті.

«Бұл білім, ғылым, денсаулық сақтау, спорт, туризм, жасыл технологиялар, баламалы энергия көздері салаларында және қоршаған ортаны қорғау саласында ең үздік қолжетімді технологияларды қолдану. Одаққа мүше мемлекеттердің бұдан әрі интеграциялық даму бойынша көзқарастары әртүрлі. Бұл қалыпты жағдай. Ендігі міндет- ынтымақтастықтың ықтимал өзара қонымды нысандарын анықтау»,-деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық бағыттары әзірленіп жатыр.