Абзал Бейсенбекұлы ҚР ҚМ аппарат басшысы болып тағайындалды

Абзал Бейсенбекұлы  ҚР ҚМ аппарат басшысы болып тағайындалды

Абзал Бейсенбекұлы , білімі жоғары: 2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген, экономист, 2017 жылы – Ноттингем университеті («Болашақ» бағдарламасының түлегі), мемлекеттік саясат саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі, 2020 жылы – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, құқық бакалавры.

Еңбек жолын 2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде жетекші маман болып бастады.

2008-2010 ж. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ал 2010-2011ж. ҚР Қаржы министрлігінде еңбек етті.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, онда 2017 жылдан 2019 жылға дейін. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2019ж. «Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры" КҚ Басқармасының Төрағасы

2019 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін жеке секторда басшылық лауазымдарды атқарды.

Президенттік жастар кадр резервінде тұр.