
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Qazaqstan Qyzmet Cup» футбол турнирі аяқталды.
Жарыс «Астана Арена» стадионында түнгі уақытта өтті, осыдан турнирдің атауы «Түнгі лига».
«Qazaqstan Qyzmet Cup» кубогы үшін жарысқа мемлекеттік органдардан, сол сияқты квазимемлекеттік сектордан барлығы 20 команда қатысты.
Қаржы министрлігінің «Қаржы» құрама командасы командалардың әрқайсысымен бір-бір ойын ойнап, нәтижесінде турнирді 8-ші орынмен аяқтады. Қаржыгерлер көшбасшы үштікке кірмесе де, жанкүйерлерінің көңлінен шыға отырып, сапалы және командалық футбол көрсетті.
Сол сияқты, жанкүйерлер арасында кәсіби рингте 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен танымал қазақстандық боксшы Мадияр Ашкеев болды.
Футбол ойынына тағы бір атақты боксшы, олимпиада чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сапиевтің қатысқанына қарамастан, Мадияр Ашкеев Қаржы министрлігіне қолдау білдірді.
«Мен «Қаржы» командасын қолдаймын, олар әрбір турда тура мағынасында шайқасады», - деді қазақстандық боксшы.
Соңғы турда Бақыт Сұлтановтың бұрынғы қарамағындағылар Астана қаласы әкімдігінің командасын сенімді түрде 3-0 есебімен жеңгенін атап өтеміз.
Мини-футболдан чемпионат қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» командасы «Qazaqstan Qyzmet Cup» турнирінің жеңімпазы атанды.
