Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Кореяның тәжірибесімен танысты

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Кореяның тәжірибесімен танысты

Жақында Пусан халықаралық қаржы орталығында (Оңтүстік Корея) «Мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды қалыптастыру және дамыту мен сату үшін мүмкіндіктер» ғаламдық оқу бағдарламасы өткізілді.

Кореялық Мүлік Менеджмент корпорациясы (КАМСО) мен Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігі (КОІСА) ұйымдастырған іс-шараға Албания, Шығыс Тимор, Индонезия, Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Нигерия, Пәкістан және Вьетнам өкілдері қатысты.
Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік мүлік менеджменті саласында Кореяның ағымдағы тәжірибесі мен жетістіктерімен танысу, мемлекеттік мүлік менеджменті саласында Кореяның тәжірибесімен алмасу арқылы қатысушы елдердің мемлекеттік мүлкінің тиімді менеджменті мен басқаруына ықпал ету, мемлекет меншігіндегі мүлік құндылығын арттыру арқылы мемлекеттік кірістің артуына ықпал ету, бағдарлама арқылы қатысушы елдердің мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру болып табылды.
Кореялық мүлікті басқару корпорациясы KAMCO 1962 жылы елдің ұлттық экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін құрылған. Жұмыс істеген жылдары КАМСО ұлттық экономика мен қаржы институттарының дамуына өз үлесін қосты, мемлекеттік мүлікті тиімді басқару есебінен мемлекеттік кірістің артуына ықпал етті. Сонымен бірге, КАМСО дағдарыс жылдары да (1997, 2008 жж.) Оңтүстік Корея экономикасында мүлік құндылығын сақтау мен арттыруда маңызды рөл атқарды. 
Бағдарлама шеңберінде КАМСО ұйымының білікті мамандары лекциялар оқып, сұрақтарға жауап берді. Бұдан басқа, әрбір қатысушы мемлекеттік мүліктің ағымдағы жай-күйі туралы тақырыпқа елдік баяндамаларымен сөз сөйледі, КАМСО қызметкерлерімен пікір-таластар арқылы және КАМСО тәжірибесін ескере отырып аталмыш саладағы проблемалы мәселелерге шешімдер тапты.
Тағлымдамадан өтушілер мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі КАМСО-ның озық ақпараттық жүйесімен (OnBid) танысу, сондай-ақ Sejong Building үкіметтік кешен ғимараты мен әзірлеушісі KAMCO болып табылатын Narakium Jeo Dong ғимаратына бару мүмкіндіктеріне ие болды.