Бакудегі бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері талқылануда

Бакудегі бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері талқылануда

2018 жылғы 4-5 қазанда Әзірбайжан астанасы - Баку қаласында ТМД Атқару Комитеті жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі үйлестіру кеңесінің XV отырысы өтеді

 

2018 жылғы 4-5 қазанда Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) ТМД Атқару Комитеті жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі үйлестіру кеңесінің XV отырысы өтеді.

Отырысқа ТМД – ға қатысушы 9 мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасының өкілдері, ТМД Атқару Комитетінің, бухгалтерлер мен аудиторлардың бірқатар кәсіби бірлестіктерінің (қауымдастықтарының), қоғамдық бірлестіктердің, білім беру мекемелерінің және аудиторлық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері жыл сайын осы алаңда бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызметті реттеуді дамытуда, сондай-ақ ХҚЕС мен ХАС қолдануды дамытуда тәжірибе алмасады.

Әлемдегі мамандық дамуының өзекті тенденциялары туралы біледі.

Отырыс барысында дәстүрлі түрде бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін дамытуға байланысты бірқатар мәселелер қарастырылады, соның ішінде бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласында ХҚЕС қолдану тәжірибесі және т. б.