
ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында депутаттар назарына "2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы"заң жобасын ұсынды.
Әлихан Смайылов атап өткендей, аталмыш заң жобасы елдің 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген және бюджеттің мұнай тәуелділігін төмендету бойынша үдемелі саясатты іске асыруды қамтиды.
"Жобада ҚР-ның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрсетілген салық - бюджет саясатының негізгі міндеттері, сондай-ақ өзінің әлеуметтік бағытын сақтау және күшейту кезінде "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" және "төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруды жалғастыру ескерілген", - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің басшысы.
Осы тәсілдерді ескере отырып, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлерібылайша айқындалған:
Түсімдер:
2019 жыл-9 751,3 млрд. теңге;
2020 жыл - 10 083,1 млрд. теңге;
2021 жыл-10 491,2 млрд.теңге.
Шығыстар:
2019 жыл-10 696,7 млрд. теңге;
2020 жыл - 11 080,8 млрд. теңге;
2021 жыл-11 427,9 млрд.теңге.
Тапшылық:
2019 жыл-945,4 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің 1,5% ;
2020 жыл-997,7 млрд. теңге немесе ЖІӨ-нің 1,4% - ы;
2021 жыл-936,7 млрд.теңге немесе ЖІӨ-нің 1,3% - ы.
Республикалық бюджеттің шығыстарын былайша бөлу ұсынылады:
Әлеуметтік сала шығыстары 2019 жылға 4 717,3 млрд.теңге көлемінде жоспарланған немесе барлық шығыстарға 44,1% (2020 ж. - 5 176,5 млрд. теңге, 2020 ж. - 5 517,8 млрд. теңге).
Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға
2019 жылы 70,2 млрд.теңгеге өсіммен 1 608,8 млрд. теңге көзделген (2020 жылы - 1 262,6 млрд. теңге, 2020 жылы - 1 121,1 млрд. теңге).
Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыруға бюджет жобасында 102,5 млрд.теңге қарастырылған.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі