
Кездесу барысында тараптар салық заңнамасы мен әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады.
Кейбір сұрақтар кездесу барысында шешімін тапса, бірқатар мәселелер бойынша Қаржы министрі тиісті құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға нақты тапсырмалар берді.