
ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан-өзбек шекарасында кептелістерді азайту бойынша шаралар қабылдауда
Алайда қолда бар инфрақұрылым қолданыстағы өткізу пункттері арқылы автокөліктің өсіп келе жатқан ағынын біркелкі және жедел өткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, бұл кептелістің пайда болуына әкеп соғады.
Негізгі жүктеме "Б. Қонысбаева" өткізу пунктінде байқалады, онда күн сайын шығу бағытында 75 көлік құралының жобалық өткізу қуаты кезінде 150 көлік құралы өткізіледі. Қабылданған шараларға қарамастан, бүгінгі таңда 170 жүк көлігі кезекте тұр.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Өзбекстанмен шекарада шоғырлануды азайту үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдауда, атап айтқанда, өткізу пункттері арасында көлік ағындарын біркелкі бөлу бойынша тасымалдаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, шекара арқылы өткізуді жеделдету үшін өткізу технологиясы қайта қаралды.
Ағымдағы жылдың қазан айында қалыптасқан жағдайды шешу үшін екі елдің кеден қызметі басшыларының кездесуі өтеді, сондай-ақ Өзбекстан кеден органдарымен күн сайын өткізу пункттері алдындағы кептелістер туралы жедел ақпарат алмасу жүзеге асырылады және жедел өткізу бойынша шаралар келісіледі.
Жыл соңында "Б. Қонысбаев" өткізу пунктін қайта жаңарту және техникалық жарақтандыру басталады, бұл тәулігіне 1 000 көлік құралының өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі