
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі бойынша-экономист-қаржыгер, заңгер, іскер әкімшілдік магистрі, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласында салық органдары жүйесінде бастаған, онда ұзақ уақыт бойы әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Кейін Қаржы министрлігінде департамент директоры, әрі қарай ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік - экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, өткен жылы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментін басқарды.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі