
2018 жылдың 22 - 26 қазан аралығында Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Дүниежүзілік инвестициялық форумының 10-шы Мерейтойы өтті. Форум - халықаралық инвестициялық мәселелерді талқылау, сондай-ақ инвестиция және даму саласындағы әлемдік қауіп-қатерлерге арналған стратегиялар мен шешімдерді әзірлеу үшін арналған ең ірі әлемдік алаң.
Биылғы жылы форумға 6000-нан астам делегат, оның ішінде
12 мемлекет басшысы және ірі трансұлттық корпорациялардың 50-ден астам басшылары қатысты.
Инвестициялық форумға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің директоры Бектұрова Арман Тұрсұнқызы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының кеңесшісі Нұрлан Жақсымбетов қатысты.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша үкіметаралық жұмыс тобының 35-ші сессиясы (ISAR) Дүниежүзілік инвестициялық форум (WIF) шеңберінде өткізілді.
ISAR шеңберінде аналитикалық зерттеулер, жыл сайынғы отырыстар мен семинарлар өткізіліп, халықаралық стандарттарды енгізуді жеңілдету үшін басшылық құжаттары дайындалады.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесе мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есеп беруді (PEFA) бағалау жүргізді. Нәтижелерге бойынша, мемлекеттік қаржыны басқаруда қауіпті аймақтар анықталды.
Сонымен қатар Қазақстанда БҰҰ-мен бірге корпоративтік есептілік инфрақұрылымын бағалау жүргізілді. Қазіргі кезде корпоративтік есептіліктің инфрақұрылымын жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұл алаңда алғаш рет Қазақстан өкілі, бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің директоры - Бектұрова Арман Тұрсұнқызы
БҰҰ ISAR төрағасының орынбасары болып сайланды. Мамандандырылған халықаралық ұйымда басшы құрамға бірауыздан сайлану - сенім элементі болып табылады, бұл Қазақстанның корпоративтік басқарудың ашықтығын және елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етудегі позициясын көрсетеді.
Қолайлы инвестициялық климатты қолдау және ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру - Қазақстанның маңызды ұлттық міндеті болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша материалдарды жариялау аясында 2018 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi British Chamber of Commerce in Kazakhstan бірлесіп, «Бухгалтерлік есеп, аудит және оларды реттеудегі соңғы өзгерістер» тақырыбында конференция өткізу жоспарланып отыр.