Мемлекеттік сатып алу: ережелер мен талаптар

Мемлекеттік сатып алу: ережелер мен талаптар

Мемлекеттік сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілер қандай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс?

ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу Комитетінің Мемлекеттік сатып алуды өткізу мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы Берік Жүнісов атап өткендей, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес әлеуетті өнім берушілер, оның ішінде қосалқы мердігерлер немесе сатып алудың конкурстық немесе аукциондық рәсімдеріне қатысуға ниет білдірген бірлесіп орындаушылар біліктілік талаптарына және конкурстық/аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

"2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік сатып алу комитеті арқылы өткен конкурстардың 16% дұрыс жасалмағандықтан немесе біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты өтпеді", - деді Б. Жүнісов. Оның айтуынша, тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртібін қоспағанда, заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейтінін есте сақтауы тиіс".

"Мемлекеттік сатып алу туралы " Заңның 9 - бабына сәйкес, әлеуетті өнім беруші құқық қабілеттілігіне (егер бұл заңды тұлға болса) немесе азаматтық әрекетке қабілеттілігіне (егер жеке тұлға болса) ие болуы, төлем қабілеттілігіне, салық берешегінің болмауы, банкротқа ұшырамауы тиіс, онда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тиісті материалдық және еңбек ресурстары және сөзсіз жұмыс тәжірибесі болуы тиіс", - деп атап өтті Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеттің бас сарапшысы.

Сонымен қатар, ол әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейтінін атап өтті.

"Әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның біліктілігін растайтын тиісті құжаттарды ұсынады. Бұл міндетті түрде Қазақстанның резидент еместері болып табылатын әлеуетті жеткізушілерге қатысты", - деп толықтырды Берік Жүнісов.

Айта кету керек, әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілетін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің көмегімен тексеруге болады. Егер ақпараттық жүйелерде осындай мәліметтер болмаса, әлеуетті өнім беруші тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет.

Біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер не бірлесіп орындаушы ретінде тартуға ниетті жеке тұлғаларға (кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға да қолданылады.

Соңғы жағдайда Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілігін дәлелдейтін құжаттарды ұсыну қажет болады.

Қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен аспауы тиіс.

Бұдан басқа, қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

"Мемлекеттік сатып алудың тиімді жүйесі мемлекеттік тапсырыс жүйесінің экономикаға әсер ету нысандарын жасай отырып, бизнесті реттеудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін арттырады. Бұл мемлекет үшін мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың ең қолайлы әдісін таңдауда, сондай - ақ тапсырыс алған кезде өнім беруші үшін де тиімді әдіс", - деп түйіндеді

Б. Жүнісов.