
15 қарашада біздің республика ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдығын атап өтеді. Дәл осы күні Теңге айналымға енгізілді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми күні ғана емес, Қазақстан Республикасының қаржыгері күні болып саналады
Құрметті әріптестер, қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!! Сіздерді қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
15 қарашада біздің республика ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдығын атап өтеді. Дәл осы күні Теңге айналымға енгізілді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми күні ғана емес, Қазақстан Республикасының қаржыгері күні болып саналады.
Бірқатар басқа ведомстволармен бірлесіп құрылған Қаржы министрлігі қаржы институттарының қалыптасуы мен бүкіл экономикамыздың дамуында үлкен рөл атқарды.
Қаржыгер мамандығы терең білім мен парасаттылықты ғана емес, сонымен қатар кең ой-өрісін, шығармашылық әлеуетін, стандартты емес шешімдерді іздестіруді талап етеді. Экономикалық өсу мен әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін бюджеттік ресурстарды тиімді пайдалану басты міндет болып қалады.
Бүгін біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Олар қаржыны басқару тиімділігін арттыруға, бюджет процесіне заманауи электрондық технологияларды енгізуге, оның ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, мерекелік көңіл-күй, Сарқылмас қуат, қаржылық игілік тілейміз! Кәсіби және іскерлік қасиеттер барлық жоспарларды, үміттер мен ниеттерді орындауға ықпал етсін!