
Қаржы министрлігінде ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті
Қаржы министрлігінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, Ә. Смайылов "біздің әрқайсымыз макроэкономикалық саясатты табысты іске асыруға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосатынын"атап өтті.
"Мемлекет басшысы бізді мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешудегі алғашқы көмекшілері көреді. Біздің еліміздің табысы, қол жеткізген нәтижелері – біздің Президенттің және де әрине, сіздердей күнделікті еңбегімен экономиканы алға жылжытатын мамандарымыздың еңбегі.
Қаржы министрлігінің алдында өзінің тиімділігін арттыру, цифрландыру, бюджетті толтыру және шығыстарды оңтайландыру бойынша маңызды міндеттер тұр!
Менің ойымша, біз Сізбен бірге осы мәселелерде сапалы әрі айтарлықтай ілгерілей аламыз", - деп атап өтті өз құттықтауында Қаржы министрі Әлихан Смайылов.
Қаржы министрлігінің үздік қызметкерлеріне Ұлттық валютаның 25 жылдық мерейтойына орай Құрмет грамоталары, сондай-ақ "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгілері табыс етілді.
Мереке қарсаңында футбол, волейбол, үстел теннисі, шахматтан спорттық жарыстар өтті. Жүлделі орындарға ие болған командалар да марапатқа ие болды.
Салтанатты жиналыста қаржы жүйесінің ардагері Назыке Бақыт Нәзкенқызы сөз сөйледі.
Соңында "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінің қатысуымен концерт өтті.
Айта кетейік, ұлттық валюта - Теңге күні мен еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қазақстанда жыл сайын 15 қарашада "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес атап өтіледі.
1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы шықты, ал сол жылдың 15 қарашасында теңге айналымға кірді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми күні және Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі