
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2018 жылы көлік құралдарына салық 31 желтоқсаннан кешіктірмей төленуі керектігін еске салады.
МКД жеке тұлғалардың салық төлеу тұрақты тұрғылықты жері бойынша жүргізілетініне назар аударады. 2018 жылға көлік салығын есептеуді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында дербес жүргізуге болады www.kgd.gov.kz "Электрондық сервистер" / "Калькулятор" бөлімінде.
Салық салу объектілері көлік құралдары болып табылады, ҚР-да есепте тұрған тіркемелерді қоспағанда. Салық төлеуді порталда жүргізуге болады egov.kz "Салық және қаржы" - "төлемдер" - "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" бөліміне өтіп, "онлайн төлеуге" басу арқылы қызметке тапсырыс беру. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, Мемлекеттік кірістер органының атауы, төлем сомасы, бюджеттік сыныптама коды енгізілгеннен кейін жүйе автоматты түрде салық төлеу бөліміне көшуді ұсынады. Барлық рәсім аяқталғаннан кейін төлем фактісін растайтын электрондық чек ұсынылады. Бұдан басқа, төлемді екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы жүргізуге болады (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар).
Департамент салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеу жүргізілетінін, сондай-ақ заңнамада белгіленген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану мүмкін болатынын ескертеді.