Кім жақсы жұмыс істейді, ол жақсы демалады

Кім жақсы жұмыс істейді, ол жақсы демалады

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ұжымы ұлттық валюта күнін мерекелеу құрметіне BalQaragai демалыс базасында көшпелі тимбилдинг форматында корпоративтік демалыс ұйымдастырды.

 

ІМАК атап өткендей, іс-шара корпоративтік рухты күшейтуге, қызметкерлер арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамытуға, ұжым ішінде тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыруға, қызметкерлердің психологиялық жеңілдеуіне мүмкіндік береді.

Тимбилдинг команда құруға және табысты ұжымдық қызмет дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар командалық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, ұжымдағы сенім мен құрмет сезімін дамытады. Табиғатта өткізілген ойындар тез психологиялық жеңілдетуге көмектеседі.

Қыстық ауа райына қарамастан, ІМАК қызметкерлері үлкен эмоциялық заряд алды. Жарыстар мен ойындар демалыс аймағында эстафеталар, конкурстар мен квест түрінде өткізілді. Фотосуреттерде қатысушылардың эмоциялары өздері үшін сөйлейді.