
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті әріптестер!
Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері былайша қалыптасты.
КІРІСТЕР БОЙЫНША
Мемлекеттік бюджетке кірістер 8 трлн. теңге сомасында түсті немесе жоспар 104,7%-ке атқарылды.
Республикалық бюджетке кірістер 5 трлн. 224 млрд. теңге сомасында түсті немесе жоспар 101,4%-ке атқарылды.
Жалпы кірістер бойынша жоспар 74 млрд. теңгеге артығымен орындалды.
Одан салықтар 65 млрд. теңгеге атқарылмады, салықтық емес түсімдер 140 млрд. теңгеге артығымен орындалды.
Салықтар бойынша негізгі атқарылмау сомасы қосылған құн салығына тиесілі.
Қосылған құн салығы бойынша жоспардың атқарылмау себептері:
- өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 50%-ке немесе 181,5 млрд. теңгеге өсуі;
- «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 13,6%-ке азаюы. Негізгі азаю тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,6%-ке немесе 8 трлн. теңгеге азайған;
- 2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымының
14,3%-ке, 2019 жылдың 9 айымен салыстырғанда Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен – 11,6%-ке төмендеуі.
Сонымен бірге, жоспар пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша 14 млрд. теңгеге асыра орындалды, негізгі себеп түсті металдар өндіру көлемінің ұлғаюы болып табылады.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 111,3%-ке атқарылды және 2 трлн. 811 млрд. теңгені құрады.
Жалпы жоспар 285 млрд. теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша - 269 млрд. теңгеге.
Барлық өңірлерде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды.
ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,9%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары – 97,2%-ке атқарылды.
Республикалық бюджеттің шығыстары 12 трлн. 503 млрд. теңгені құрады.
137 млрд. теңге атқарылмаған.
Оның ішінде үнемдеу – 15 млрд. теңге, игерілмегені – 122 млрд. теңге.
Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мынадай орталық мемлекеттік органдарда қалыптасты: Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Орталық сайлау комиссиясы, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі.
Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерінің ұзаққа созып өткізілуі; төлем құжаттарын ұзақ келісу; атқарылған жұмыстардың актілерін ұсынбау; нақты көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыстарға ақы төлеу, сот талқылаулары.
Каржы жылының соңына дейін республикалық бюджет бойынша 1 трлн. теңгеге астам сомасына төлемдер жүргізілуі тиіс.
Алдын ала деректер бойынша жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы 99,8% шегінде күтілуде.
Сонымен қатар, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу тәуекелі бар.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,1 трлн. теңгені құрады.
Атқарылмағаны - 208 млрд. теңге.
Ағымдағы жылы өңірлерге 2,2 трлн. теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген.
Алдын ала деректер бойынша оларға 1 желтоқсанға дейін 2 трлн. теңге бөлінген.
Олардың 96,7%-і игерілген.
Атқарылмағаны - 66 млрд. теңге, оның ішінде 12 млрд. теңге үнемдеу, 54 млрд. теңге игерілмеді.
Ең көп игерілмеу мына өңірлерде қалыптасты: Нұр – Сұлтан қаласы бойынша, Алматы қаласында, Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан облысында және Атырау облысында.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жыл қорытындылары бойынша нысаналы трансферттер бойынша 26 млрд. теңге сомасында жоспардың орындалмауы күтілуде.
Күтілетін атқарылмаудың негізгі себептері: мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу; жоспарға қарағанда алушылардың нақты санының азаюы; жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу, жұмыс көлемінің орындалмауы.
Бұл себепті, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін барлық шараларды қабылдауы қажет.
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША
Өткен 11 айда камералдық бақылаумен сомасы
10,1 трлн. теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.
Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 806 млрд. теңгеге бұзушылықтар ескертілді.
Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 712 ұсыным берілді.
Оның ішінде 1 339-і орындалды.
МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША
2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды.
2020 жылы 76 объектіні іске асыру жоспарлануда.
Оның 37-ы сатылымға шығарылды.
Есепті кезеңде 100,9 млрд. теңге сомасында 8 объекті сатылды.
Сауда-саттықта 29 объекті тұр.
7 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді.
10 объекті жыл соңына дейін сатуға қойылатын болады.
20 объект бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды.
2 объект бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау туралы ұсыныс мақұлданды.
Есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылу нәтижелері осындай.