"Сергек" - салықшыларға көмек

"Сергек" - салықшыларға көмек

12 қазаннан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік иелеріне, егер оларда көлік салығы бойынша берешегі бар болса, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері бар қарыз туралы хабарлама тапсырады.

 

Аталған шара тиімді болды: 15 бірлескен рейдке 42 555,5 мың теңге сомаға көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке тұлғалардың салық берешегі туралы 178 хабарлама берілді,оның ішінде 24 борышкер 2 212,9 мың теңге сомаға берешекті өтеді. 

          Айта кету керек, аталмыш іс-шаралар "Сергек"аппараттық-бағдарламалық кешендерінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өткізіледі.

Көлік құралдары Жол қозғалысы ережелерінің талаптары бұзылған жағдайда ғана тоқтатылады.

Салық берешегі хабарламаны тапсырған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда, Мемлекеттік кіріс органы салық бұйрығын шығарады, ол берешекті өндіріп алу жөніндегі одан әрі жұмыс істеу үшін сот орындаушысына жіберілетін болады.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі