Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Олардың ішінде - Қаржы вице-министрлері Қанат Баедилов, Татьяна Савельева, Берік Шолпанқұлов, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенев, "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Жаңасыл Оспанов, "Электрондық коммерция орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дархан Бижанов, Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Әлия Байгенжина, департамент директорлары Мұрат Әділханов, Қайрат Орынханов, Айнагүл Ысмайылова, Алмагүл Мажренова, Эрнар Ержанов, Қайрат Миятов, Ержан Нүсіпханов, Толқын Уркумбаева, Фарида Муталиева, Динара Динара Шаймуратова, департамент директорының орынбасарлары Дүйсен Әділханов, Ақбала Алиева, басқарма бастығы Гүлжамал Дүйсенова. 

Бұл күні Қаржы министрлігінің бірқатар жас мамандары ант қабылдап, халыққа адал қызмет етуге және мемлекеттік қызметші атағын абыроймен атқаруға ант берді.   

Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін кәсіби әртістер мен министрліктің қызметкерлері, сондай-ақ олардың балалары қатысқан мерекелік концерт өтті.

Көрермендер назарына "Елбасының тарихы - Қазақстанның тарихы" атты бейнеролик ұсынылды, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызықты өмірлері туралы сұрақтар қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі.

2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы" заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған.

Мереке күнін таңдаудың тарихи алғышарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды, - алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына қайта сайланды. Ол жалғыз кандидат болды және 88,2% дауыс берген сайлаушылардың 98,7% дауысымен жеңіске жетті.

Тұңғыш Президенттің алғашқы қадамының бірі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы Заңға қол қою болды. Ал алты күннен кейін - 1991 жылдың 16 желтоқсаны-Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанның егеменді мемлекет болып жариялануын білдіреді.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Пресс-служба Министерства финансов РК