
Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Қаржы министрі Әлихан Смайылов ведомствоның үздік қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары - "Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен Қаржы министрлігінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.
Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту және әскери жоспарлау жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Министрліктің бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының алғыс хатымен марапатталды.
Жиналыс соңында мерекелік концерт өтті.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі