Мемлекеттік сатып алу веб-порталының ақылы болуына байланысты электрондық коммерция орталығының қызметіне бақылау күшейтіледі

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының ақылы болуына байланысты электрондық коммерция орталығының қызметіне бақылау күшейтіледі

Әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану бойынша қызметтерді жеке банктік шот арқылы төлей алады, ол портал қатысушыларының төлемдерін ғана қабылдау үшін электрондық коммерция орталығын ашты.

 

Өз кезегінде бұл шотты тиісті уәкілетті органдар тексереді.

Порталда 200 мыңнан астам қатысушы тіркелген, оларға қызмет көрсету мемлекетке бір қатысушыға жылына 12-13 мың теңге, яғни әр адамға айына 1 мың теңгеден өтеді.

1 өтінім сомасы (өтінім саны шектелмеген)

 Өнім берушілердің орташа саны (3 жыл ішінде)

Соңғы 3 жылдағы үлесі, пайызбен

 2019 жылға арналған тариф жабдықпен, теңге ҚҚС-пен

 1 млн.теңгеге дейін

 37 726

40%

 2 525

 10 млн.теңгеге дейін.

 36 749

40%

 25 250

 100 млн.теңгеге дейін

 14 378

15%

 50 500

 1 млрд. теңгеге дейін

 4 046

4%

 151 500

 Шектелмеген

 889

1%

 308 050

 Барлығы

 93 788

 

 

                                           

Осыған сәйкес тарифтерді анықтау ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу веб-порталын ұстауға 2-2,5 млрд.теңге мөлшерінде жыл сайынғы шығыстарға негізделді.

Бұдан басқа, Қаржы министрлігінің техникалық тоқтап қалуын болдырмау үшін тарифтер шеңберінде ағымдағы инфрақұрылымды жаңартуға арналған шығындар ескерілді.

Есептеу әдістемесіне келетін болсақ, ол мемлекеттік сатып алуға қаржы жылы ішінде кемінде бір рет қатысқан/немесе шарт жасасқан өнім берушілердің порталға қатысуы бойынша 2016-2018 жылдар аралығындағы орташа статистикалық деректер негізінде жүргізіледі.

Сонымен бірге, табысты алмау тәуекелдері бар, өйткені бұрын өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің, сондай-ақ бір көзден сатып алу болмаған жағдайда келісім-шартты алуға үмітпен барлық сатып алуға автоматты түрде өтінім берген роботтардың қатысу факторы ескерілмеген.

Егер жоспарланған кірістерден алынған төлемдердің асып түскені анықталған жағдайда, онда айырма Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылады, өйткені ОСК қызметінен түскен дивидендтер мемлекетке жіберіледі.

Бұл ретте меншік иесімен - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп жоспарланбаған кірістердің елеулі сомасын алған жағдайда келесі жылдары тарифтердің құнын азайту жағына қайта қарау мүмкіндігі туралы шешім қабылданатын болады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының ақылы болуын ескере отырып, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан қаржылық және сатып алу рәсімдерін тексеру бөлігінде, сондай-ақ ҚР ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметі тарапынан техникалық мәселелер және ақпараттық қауіпсіздік бөлігінде нормалардың сақталуы бойынша электрондық коммерция орталығының қызметіне бақылау күшейтіледі.

Айта кетейік, мемлекеттік техникалық қызмет пен құқық қорғау органдары тарапынан тоқсан сайын тиісті тексерулер жүргізіледі.

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі