Мемлекеттік қаржыны цифрлық трансформациялау: Қаржы министрлігі негізгі цифрлық жобаларды енгізу нәтижелерін таныстырды

Мемлекеттік қаржыны цифрлық трансформациялау: Қаржы министрлігі негізгі цифрлық жобаларды енгізу нәтижелерін таныстырды

Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мемлекеттік қаржыны цифрлық трансформациялау барысы мен Қаржы министрлігінің негізгі цифрлық жобалары туралы баяндады

Бүгінде цифрландыру ведомство қызметінің барлық бағытын қамтиды салықтық және кедендік әкімшілендіруден бастап бюджеттік жоспарлаумемлекеттік шығыстарды мониторингтеумемлекеттік мүлікті басқару және мемлекеттік аудитке дейін

Негізгі нәтижелердің бірі Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа цифрлық архитектурасын қалыптастыру болды. Тәуелсіз IT-аудит қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелер саны 14-тен 5 негізгі платформаға дейін қысқартылды. Бұл заманауи микросервистік архитектураға көшуге, үлкен деректерді өңдеуді қамтамасыз етуге және жасанды интеллект технологияларын енгізуге негіз қалады.

Салықтық әкімшілендіруді дамыту аясында бұрын бөлек жұмыс істеген жеті жүйені біріктірген Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған ақпараттық жүйесі (СӘАЖ) енгізілді.

Соның нәтижесінде онлайн төлемдерді өңдеу уақыты 15 минуттан 1 минутқа дейін, ал құжаттарды өңдеу мерзімі 1 сағаттан 1 минутқа дейін қысқарды

Цифрлық экожүйенің маңызды элементтерінің бірі 78 мемлекеттік және сыртқы дереккөзден мәліметтерді жинақтайтын Smart Data Finance платформасы болдыBig Data негізінде бюджеттік кірістерді болжау құралдары енгізілудетәуекелдерді басқару жүйесі жетілдірілуде және басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған талдамалық құралдар дамытылуда

Баға қалыптастырудың ашықтығын арттыру және бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік Ұлттық тауарлар каталогын және Бағалар деректер базасын дамытудаБүгінде Ұлттық каталогта 26,5 миллионнан астам тауар позициясы қамтылған. Ал маркет-талдау жүйесінің деректерін пайдалану жылсайын бюджет қаражатын 200 млрд теңгеге дейін үнемдеуді болжауға мүмкіндік береді

Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру жұмыстары да жалғасудаKeden ақпараттық жүйесі бұрын қолданылған ASTANA-1, «Бірыңғай терезежәне ТААЖ жүйелерін біріктіріпрәсімдерді автоматтандыруды және кедендік операцияларды өткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етеді

Мемлекеттік қаржының шығыс бөлігінде мемлекеттік ұйымдар арасында мүлікті электрондық түрде беруді қамтамасыз ететін Tapsyru мемлекеттік мүлік маркетплейсі іске асырылдыЖүйе іске қосылғаннан бері оның көмегімен құны 232 млрд теңгеден асатын 34 мыңнан астам объект берілді

Кәсіпкерлер үшінбір терезеқағидаты бойынша Қаржы министрлігінің сервистерін біріктіретін Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті дамытылудаБолашақта платформа функционалы есептілікті автоматты түрде толтыруғатәуекелдерді талдауға және дербестендірілген ұсынымдар беруге арналған жасанды интеллект шешімдерімен толықтырылады

Бюджет қаражатының пайдаланылу ашықтығын арттыруоларды пайдалануды бақылауды күшейту және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық теңге енгізілуде Бүгінгі күніайналымға шамамен 339 млрд цифрлық теңге шығарылдымемлекеттік сатып алуинфрақұрылымдық жобаларсубсидиялау жәнесалықтық әкімшілендіру салаларында 20-дан астампилоттық жоба іске асырылды

Сондай-ақ Қаржы министрлігі мемлекеттік аудиттің бірыңғай цифрлық экожүйесі – SMART AUDIT QAZAQSTAN платформасын құру жұмыстарын жүргізудеБұл жүйе Big Data және жасанды интеллект технологиялары негізінде бұзушылықтарды анықтаудан олардың алдын алуға көшуге мүмкіндік береді

Кешенді цифрлық трансформация мемлекеттік қаржының бірыңғай экожүйесін қалыптастырыпбюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз етугемемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыруға және азаматтар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған